Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Худжаев бастаған делегация Швейцарияның Женева қаласында жұмыс сапарымен жүр. Осыған дейін жоспарға сәйкес халықаралық ұйым өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Инвестициялар, өнеркәсіп және Сауда министрлігінің дерегінше, Ж.Худжаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконжо-Ивеаламен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуын жеделдету мәселесі, соның ішінде осы жылдың 14-15 наурызында жұмыс тобының 6-шы отырысын өткізу мүмкіндігі талқыланды. Процесті жеделдету үшін барлық мүше-мемлекеттермен тауар және қызметтер нарығына шығу бойынша екіжақты келіссөздерді жандандыру, сұхбат соңында тиісті хаттамаларға қол қою қажет екендігі айтылған.

ДСҰ Бас директоры Өзбекстан үкіметінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі күш-жігерін, оның ішінде негізгі мүше мемлекеттермен екіжақты келіссөздерді жоғары бағалады. Оның айтуынша, Өзбекстанның белсенділігі мен бастамасының арқасында қалыптасқан ынтымақтастық оң өсу қарқынын көрсетті.
Женевада күн тәртібінде тұрған Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелігі жөніндегі жұмыс тобының 6-шы отырысында екі күн бойы республиканың сауда режимінің барлық аспектілеріне қатысты 10-нан астам жаңа құжат қаралады.