Жеңіл атлетикадан Самарқандта Орталық Азия чемпионаты өтеді
2022 жыл 23-25 қыркүйек аралығында Самарқандта жеңіл атлетикадан IV Орталық Азия ашық чемпионаты өтеді.
Өзбекстан Спортты дамыту министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және Жеңіл атлетика федерациясы, Орталық Азия жеңіл атлетика қауымдастығы және «Узбекнефтгаз» АҚ қолдауымен ұйымдастырып жатқан жарысқа 11 елден 300-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Олар қатарында Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан, сондай-ақ Малайзия, Таиланд және Филиппин елдерінің спортылары бақ сынамақ.
«Afrosiyob Arena» спорт кешенінде өтетін жарыста спортшылар жүгіру жарыстарынан бөлек, биіктікке секіру, сырықпен секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, диск лақтыру, балға лақтыру, найза лақтырудан жарысады.