Жедел жәрдемде «Дамас» және басқа да ескірген көліктер заманауисына ауыстырылады
Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстанның денсаулық сақтау саласы өкілдерімен ашық диалогы өтіп, онда салада бірқатар өзгерістер болатыны айтылды.
Атап айтқанда, 2022-2025 жылдары барлық «Дамас» және басқа да ескірген жедел жәрдем көліктері заманауи көліктерге ауыстырылады.
2022 жылы 890, ал 2023 жылдан бастап жыл сайын 450 жаңа көлік, оның ішінде реанимациялық көліктер жеткізілетін болады.
Соның нәтижесінде алдағы үш жылда жедел жәрдем паркі толықтай жаңартылмақ. Осы мақсаттарға 65 миллион доллар тартылады.