ЖЧ-2026 билеттері сатылмай жатыр
Биыл жазда АҚШ, Канада және Мексика алаңдарында өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты төңірегінде күтпеген мәселе туындады.
Спорт басылымының хабарлауынша, Халықаралық футбол федерациясы турнирге деген қызығушылықтың жеткіліксіз екеніне алаңдаушылық білдірген.
Турнирдің басталуына небәрі төрт ай уақыт қалғанына қарамастан, билеттердің басым бөлігі әлі күнге дейін сатылмаған. Ұйым басшылығы не себепті қызығушылықтың төмен екенін түсіне алмай отыр.
Еске салайық, биылғы мундиаль 48 команда қатысатын алғашқы кеңейтілген әлем чемпионаты ретінде тарихқа енеді.