Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетінде жапондық «АСЕАН» инвесторлар қоғамы кеңесінің төрағасы және «GLOBAL SILKROAD» кәсіпорнының директорымен кездесу өтті.
Кездесуде, піллә шаруашылығы саласын дамыту, өндірілетін өнім түрлерін одан әрі кеңейту, піллә өндіру саласы кәсіпорындарының экспорттық және инвестициялық қызметін жан-жақты қолдау туралы пікірлер айтылды.
Өзбекстанда жібек өнімдерінің экспорттық географиясын кеңейтуге көңіл бөлінуде. Осының нәтижесінде шикі піллә өсіру және оны қайта өңдеу есебінен экспортқа шығарылатын жібек өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ республикамыздың шалғай аудандарында халықты, әсіресе әйелдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік туып отыр.
Сұхбат барысында Өзбекстанның жібек және жүн өнімдерін Жапонияға экспорттау, сондай-ақ сала мамандарын Жапонияға оқуға жіберу, ондағы жібек өндірісінің тарихын зерделеу, өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнату мәселелері талқыланды.
Гулноза Бобоева, ЎзА