Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына арналған жас мөлшері жарияланды
2025 жылдың 22–31 қазан күндері Бахрейнде III Жасөспірімдер Азия ойындары өтеді.
Аталған кешенді жарыста құрлықтың 45 елі қатысады және 24 спорт түрі бойынша бәсекелер ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, турнирге 14–18 жас аралығындағы жас спортшылар қатысады. Алайда кейбір спорт түрлеріне арнайы жас шектеулері белгіленген:
- Жеңіл атлетика және таэквондо WT жарыстарына — 15–16 жас;
- Волейбол, үстел теннисі және баскетболға — 14–16 жас;
- Дзюдоға — 16 жас;
- Күрес түрлеріне — 15–17 жас аралығындағы спортшылар қатыса алады.