Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жасанды интеллект көмегінде жасалған ӨзА тілшісі жұмысын бастады
18:30 / 2024-08-22

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі (ӨзА) Өзбекстан және әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар мен қоғамдық-саяси ақпаратты тарататын ресми ақпарат агенттігі ретінде өз жұмысын жақсарту, заманауи технологияларды пайдалану, медиа кеңістікте жаңа тәсіл мен форматтарды енгізу жолында үнемі ізденіс жүргізіп келеді. Мақсат – оқырмандарды жылдам, бейтарап және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Соңғы жылдары жасанды интеллекттің қарқынды дамып келе жатқаны баршаға аян. Бүгінгі таңда дерлік барлық сала жасанды интеллекттің мүмкіндіктерінен пайдалануда. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі де заман талабына сай, жасанды интеллект негізінде Собира Холдорова есімді арнайы робот-тілші жасады.

Атаулы тілші ресми ақпарат пен шұғыл жаңалықтарды тоғыз тілде (өзбек, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан, қазақ) таратады.

Сынақ режимінде іске қосылған жасанды интеллект бейне материалдардың ауқымын біртіндеп кеңейте түспек.

<iframe width="640" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/TtVkrBxw2tE" title="OʻzA sunʼiy intellekt yordamida robot-muxbir yaratdi" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>

Ақпараттық қауіпсіздік шарасы

Әрине, жасанды интеллект көмегімен бейне роликтер жасау – үлкен мүмкіндік болумен қатар, өзіндік қауіп-қатер тудыруы мүмкін. Өйткені арам пиғылды адамдар өтірік пен жалған жаңалықтарға негізделген видео дайындап, интернетте таратуы мүмкін. Сондықтан Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің атынан жалған видеолар таралған жағдайда, олардың шынайылығын тексеру мүмкіндігі жасалады. Ол үшін әрбір видеоға арнайы QR-код қойылып, осы QR-кодтағы сілтемені белсендіру арқылы ӨзА-ның ресми сайтында сол бейненің мәтінін оқуға болады. Егер жасанды интеллект көмегінде жасалған таспада QR коды болмаса немесе сілтеме ӨзА сайтын көрсетпесе, бұл жалған бейнетаспа болып есептеледі.

Собира Холдорова кім?

Атаулы тілшіге босқа Собира Холдорова деп атау берілмеген. Өйткені Сабира Халдорова Орталық Азия мен Өзбекстандағы тұңғыш кәсіби журналист әйел болған.

Собира Холдорова 1907 жылы Наманган облысының Чуст қаласында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1923 жылы Ташкентке келіп, екі жыл қыз-келіншектер институтында оқиды. Кейін Мәскеудегі Жоғары журналистика институтында білім алады.

Ташкентке оралған соң бірнеше газет-журналдардың редакцияларында қызмет етеді. 1937 жылы «буржуазиялық элементтермен араласып, қырағылықты жоғалтты» деген айыппен түрмеге жабылады. 1940 жылы 5 желтоқсанда Якутияға 10 жылға жер аударылады. Собира Холдорованың күйеуі Мумин Усманов 1938 жылы 4 қазанда атылады. Сот үкімі шыққаннан кейін балалары Полат пен Манзура балалар үйіне тапсырылады.

1955 жылы түрмеден оралған Собира Холдорова 1984 жылы қайтыс болған. Ұлы Полат Усманов Екінші дүниежүзілік соғыстан жараланып қайтқан. Қызы Манзура Усмонова физика-математика ғылымдарының докторы.

Жасанды интеллект негізінде жасалған тілшіге Собира Холдорова есімін берудегі мақсат – репрессия құрбаны болған тұңғыш өзбек журналисті әйелдің жарқын беделін қалпына келтіру.

Жасанды интеллект негізінде тілші жасауда журналист Дилдора Абдухалилованың прототипі пайдаланылды.