Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жасанды интеллект бойынша Беруни атындағы ЮНЕСКО–Өзбекстан сыйлығы беріледі
11:47 / 2024-10-24

Парижде ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 220-сессиясы өтті. Онда мүше мемлекеттер «Жасанды интеллект этикасы саласындағы ғылыми зерттеулер үшін Беруни атындағы ЮНЕСКО–Өзбекстан сыйлығын» тағайындау бастамасын бірауыздан қолдады.

Бұл бастаманы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жасанды интеллектті дамытуда этикалық аспектілерді насихаттау және осы саладағы ғылыми ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында ұсынған.

Беруни сыйлығы инклюзивтілік пен мәдени алуандыққа ерекше назар аудара отырып, жасанды интеллект этикасы саласындағы зерттеулерді қолдауға бағытталған. Бұл Өзбекстан мен ЮНЕСКО арасындағы ғылыми-мәдени байланыстарды нығайтуда және ұлы ғалым әрі энциклопедист Әбу Райхан Берунидің ғылыми мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таратуда маңызды қадам болмақ.

Бұл жасанды интеллект этикасы саласындағы жетістіктер үшін берілетін БҰҰ жүйесіндегі алғашқы халықаралық сыйлық. Ол екі жылда бір рет үш жеңімпазға табысталады. Марапаттау жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулерді ілгерілететін және этикалық қағидаттардың іс жүзінде қолданылуын көрсететін жобалар мен бастамалар үшін жүзеге асырылады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық, сертификат және медаль тапсырылады.

Сыйлықтың алғашқы марапаты 2025 жылдың қараша айында Самарқанд қаласында ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында табысталады деп жоспарланған.

Жеңімпаздар жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандардан құралған тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы тарапынан анықталады.

Атаулы сыйлық жасанды интеллектті дамытуда этикалық тәсілдердің маңыздылығына баса назар аударып қана қоймай, әлемдік сын-қатерлерге шешім табуға бағытталған халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың ауқымды күш-жігерінің бір бөлігі саналады.

ӨзА