Өзбекстанда Ұлы Моғол патшалығының негізін қалаушы, Әмір Темірдің ұрпағы Захир әд-дин Мұхаммед Бабырдың «Midjourney» жасанды интеллектінің көмегімен естеліктерін суреттейтін жоба іске қосылды.
Жоба Boburnama телеграм каналында (https://t.me/boburnama) іске қосылған.

Онда, Бабырдың қолжазбалары Моғолдар заманында-ақ императорларға анықтамалық кітап болып, парсы тіліне аударылып, үнді миниатюрасының үздік шеберлерінің арқасында көркем суреттелген.

Бабырдың немересі Акбар I шығарманы парсы тіліне аударып, көптеген миниатюралармен көркемдеуді бұйырған.

Бұл жобаның авторлары жобаны қолға алғандарын айтып: «Жастарға осындай ата-бабамыз бар екенін естетіп, олардың назарын аударудың ең жақсы жолы – олар білетін заманауи технологияларды пайдалану. Ол MidJourney нейрондық желісі. Неліктен Бабырдың еңбегін таңдадық, өйткені ол қалаларды, адамдарды өте терең суреттеп, сол заманның атмосферасын бере білген. Бұл нейрондық желінің жұмысын жеңілдетеді», - дейді жоба авторының бірі.

ӨзА