Жапониядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны артты
Жапонияда 1 қаңтар күні түстен кейін болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 қаңтар күні кешке 57-ге жетті.
Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің батысындағы ең көп зардап шеккен Ното түбегінде болған дүмпулер фонында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Хабарда айтылуынша, құрбандар арасында – Ваджима қаласында 24 адам, Сузу қаласында 20 адам және Нанао қаласында 5 адам қаза тапқан.