English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапониядағы торнадо 92 ғимаратқа зақым келтірді
13:35 / 2021-05-03

Жапонияның Сидзуока префектурасында соққан қатты дауыл салдарынан 92 ғимаратқа күшті зақым келіп, бірнеше адам жарақат алды.

Japan Times-тың хабарлауынша, Сидзуока префектурасында қатты соққан жел 92 ғимаратқа зиян келтірген. Көліктер қирап, үй шатырлары бүлініп, бірнеше адам жарақат алған. Қазір метеорологтар екінші торнадо болу мүмкіндігін зерттеп жатыр.

Торнадо салдарынан көптеген электр бағандарына зиян келген. Нәтижеде электр қуаты сөніп, шамамен 3200 үй жарықсыз қалғаны айтылады.