Жапонияда жол апатынан бес адам қаза тапты
Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо префектурасында жексенбі күні автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бес адам қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға Хоккайдо префектурасының Якумо қаласында екі көлік ұлттық жолда орын алған.
Полиция дерегінше кем дегенде бес адамның жараланған. 15 жолаушы мен бір жүргізуші мінген қалааралық автобус Хоккайдо астанасы Саппородан Хакодате қаласындағы ыстық бұлаққа қарай бет алған.