Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда халықты қолдау мақсатында ақша таратылмақ
10:20 / 2021-11-19

Жапон үкіметі коронавирустық пандемиядан зардап шеккен экономика мен тұтынушылар сұранысын ынталандыру жоспарын жариялады. Онда, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға құны 100 мың иен (875 доллар) болатын чектер таратылады.

Nikkei басылымының дерегінше, бұл жаңа ынталандыру жалпы сомасы 56 триллион иенді (487 миллиард доллар) құраған болып, қаражат облигациялар шығару арқылы тартылады. Шағын бизнеске 2,5 миллион иен (21,9 мың доллар) көлемінде гранттар беріледі. Биліктің болжамы бойынша, ел экономикасы тікелей төлемдерден ынталандыру нәтижесін келесі жылдың бірінші тоқсанында байқайтын болады.

Өткен жылдың сәуір айында Жапон үкіметі экономиканы қалпына келтіруге 48,4 триллион иен (423 миллиард доллар), ал желтоқсанда тағы 40 триллион иен (350 миллиард доллар) бөлді. 

2020 жылдың мамыр айында жапон отбасылары үкімет берген 100 мың иенді шектің шамамен 70 пайызын тауарлар мен қызметтерге жұмсамай, банктерге салған.

2021 жылдың үшінші тоқсанында Жапонияның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш пайызға төмендегені белгілі болды.