Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда велосипедте телефонды пайдаланғандар түрмеге тоғытылады
12:38 / 2024-11-03

Жапонияда жаңа ереже бойынша ұялы телефонды пайдаланып велосипед мінгендер алты айға дейін түрмеге қамалуы немесе 100 мың иен (660 доллар) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.       

– Велосипед жүргізіп келе жатып, қолыңыздағы смартфонмен қоңырау шалу немесе экранға қарау тыйым салынған, – делінген Ұлттық полиция агенттігінің мәлімдемесінде.

Үкімет мәліметіне сәйкес, велосипедшілердің жолда телефон пайдалануынан кейбір апаттарда жаяу жүргіншілердің қаза болуына себеп болған.

Елде жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайып келе жатса да, велосипедке қатысты оқиғалардың үлесі артып келеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2023 жылы Күншығыс елінде 72 мыңнан астам велосипед қатысуында апатты жағдай тіркелген. Бұл елдегі барлық жол-көлік оқиғаларының 20 пайызынан астамын құрайды.

Көптеген елдерден айырмашылығы, Жапонияда негізгі жолдарда велосипед айдауға рұқсат етілген. Өткен жылы ресми органдар велосипедшілер үшін арнайы бас киім киюді міндетті еткен болатын.

Жаңа ереже бойынша, мас күйінде велосипед айдаған адам үш жылға дейін түрмеге қамалуы немесе 500 мың иенге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Велосипедшілерге алкогольді ішімдік ұсынғандар екі жылға дейін түрмеге қамалып немесе 300 мың иен мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Жаңа заң күшіне енгеннен бірнеше сағат өткен соң, Осака билігі бес заң бұзушылық, соның ішінде мас күйінде велосипед айдаған екі ер адам ұсталғанын растады.