English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда туристік тікұшақ тауда жоғалып кетті
16:00 / 2026-01-22

Жапонияның Кумамото өңірінде бортында үш адам болған туристік тікұшақ жоғалып кетті.

Бұл туралы The Japan Times басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, елдің Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігі тікұшақтың ұшу бағыты Кумамотодағы Асо тауының үстімен жоспарланғанын мәлімдеген.

Министрлік тікұшақта ұшқыш пен Тайваньнан келген екі жолаушы болғанын растады.

Хабарлар қарағанда, әуе кемесі ұшу барысында апаттық сигнал жіберген, алайда белгіленген уақытта базаға оралмаған. Қазіргі таңда аталған аумақта іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.