Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда танкермен соқтығысқан жүк кемесі суға батып кетті
15:55 / 2021-05-28

28 мамырда Жапонияның жағалауында «Byakko» жапондық жүк кемесі, Маршалл аралдарының жалауын көтерген «Ulsan Pioneer» танкерімен соқтығысып қалды.

NHK хабарлауынша, оқиға Сикоку аралындағы Эхиме префектурасына жақын Курушима бұғазында орын алған. Соқтығысқаннан 2 сағат 40 минут өткен соң «Byakko» кемесі суға батып кеткен.

Pricess Kaiun компаниясына тиесілі жапондық жүк кемесінің бортында 12 экипаж мүшесі болған, олардың үшеуі іздестірілуде. Қалған тоғыз адам Имабаридегі медициналық мекемелерге жіберілгені айтылған.

Ал, «Ulsan Pioneer» бортында 13 адам болған (Оңтүстік Корея мен Мьянма азаматтары). Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.