Жапонияда рекордтық көлемде қалың қар жауды
Жапонияда қалың қар жауып, елдің кей жерлерінде ол рекордтық көлемде қалың түскен.
Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, қардың қалың түсуіне қысқы қысым мен суық ауа массасы қосындысы себеп болған.
Ел бойынша ең қалың жауған аймақтар қатарында Тиба префектурасының Майбара қаласында 62 см, ал Саппоро қаласында (Хоккайдо) бір тәулікте 60 см қар жауған.
Саппородағы қардың жалпы қалыңдығы 133 см-ге жетті. БҰЛ 1939 жылдың ақпан айынан бергі қалың қар. Сол кезде қардың қалыңдығ 169 см-ға жеткен болатын. Саппорода осы жағдайдан кейін пойыз қозғалысы тоқтады.
Бұдан бөлек Сэкигахара мекенінде екі күнде жауған қар қалыңдығы 98 см жеткен. Бұл да осы аймақтағы рекордтық көрсеткіш екені айталады хабарламада.