Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда құс тұмауының таралу дерегі тіркелді
09:45 / 2020-11-05

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Кагава префектурасының Митойо қаласында құс тұмауының тарауы тіркелді. Нәтижесінде жергілікті құс фабрикаларының бірінде 330 мың құс жойылатын болған.

NHK телеарнасының хабарына сай, бұл жағдайға байланысты Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга жауапты министрліктерге құс саудагерлерін өте қырағылық таныту мен вирус таралған жерлерде мәліметтер жинауға және эпидемияның алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырған.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, жақында Кагава префектурасының басшылығы құс тұмауының таралуымен күресетін штаб ашатын болған. Сонымен қатар жергілікті құс фабрикасының бірінде шамамен 330 мың құс жойылатын болады.

Қазіргі кезде құс фабрикасы айналасында 10 км карантиндік аймақ орнатылып, үкімет бұл аймақтан құс пен жұмыртқа алуға тыйым салған. Дезинфекция құс тұмауы анықталған жерде 10 күн бойы жүргізіледі.