French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда қар жауып, 17 адам қаза тапты
15:10 / 2022-12-26

Жапонияда соңғы он күнде жауған қардың салдарынан 17 адам қаза тауып, 93 адам жарақат алды.

AP агенттігінің хабарлауынша, елдің түкпір-түкпірінде мыңдаған үйлердің электр қуатыда үзілістер байқалуда.Жапонияда 17 желтоқсаннан бері жауа бастаған қалың қар әлі басылған жоқ. 

Синоптиктердің мәліметінше, Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде қар орташа деңгейден үш есе көп жауған. Соның салдарынан билік ондаған рейс пен пойыздың жөнелтілуін тоқтатты, жүздеген вагон жолдарда тұрып қалды.

Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандардың көбі төбелердегі қарды немесе шатырлардан түскен қарды тазалау кезінде жерге құлаған.