Жапонияда қар борандары салдарынан 38 адам қаза тапты
Жапонияда бірнеше күн бойы жалғасқан қар борандары 38 адамның өмірін қиып, елде үлкен зардап туындатып отыр.
Елдің өрт қауіпсіздігі басқармасының мәліметінше, 20 қаңтардан бастап солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда қар дауылы бірнеше рет тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, 393 адам әртүрлі жарақаттар алып, олардың 142-сі ауыр жағдайда.
Елдің ресми баспасөз деректері бойынша, қыс қатты сезіліп, жалпы 451 адам зардап шеккен. Қаза тапқандардың бір бөлігі, соның ішінде Ниигата префектурасында болған қайғылы жағдайлар, елді дүр сілкіндірген.