Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда қалың қардан 16 адам қаза тапты
10:53 / 2026-01-28

Жапонияда қалың қардың жаууы салдарынан кемінде 16 адам қаза тауып, шамамен 120 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Табиғи апат елдің бірқатар өңірінде тіршілік тынысын едәуір қиындатқан.

Ресми деректерге сәйкес, ең күрделі жағдай елдің солтүстігіндегі Хоккайдо аралында қалыптасып отыр. «JR Hokkaido» теміржол компаниясы қардың мол түсуіне байланысты мыңға жуық пойыз рейсі тоқтатылғанын немесе кешіктірілгенін мәлімдеді. Соның салдарынан 140 мыңнан астам жолаушы жол жүру жоспарларын өзгертуге мәжбүр болды. Пойыз қозғалысындағы іркілістер әлі де жалғасуда.

Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, аса қажеттілік болмаса алыс сапарға шықпауға үндеді. Қазіргі уақытта өңірлерде құтқару және қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.