Жапонияда соңғы 30 жылда Нанкай жарылымы аймағында «мегазілзала» болу ықтималдығы 80 пайызға дейін артты.
Бұл туралы Жер сілкіністерін зерттеу бойынша үкімет комиссиясы хабарлады.
Комиссия төрағасы Наоси Хиратанның айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарында Ното жарты аралында болған жер сілкінісінен кейін Жапонияда бірнеше рет 6 магнитудалы жер асты дүмпулері тіркелген.
Ол сейсмикалық белсенділік әлі де біраз уақыт жалғасуы мүмкін екенін айтып, сақ болу қажеттігін ескертті. Хиратанның сөздеріне қарағанда, мұндай сейсмикалық белсенділік Жапонияда бұрын болмаған, сондықтан оның қашан тоқтайтынын алдын ала айту қиын.
2024 жылдың 8 тамызында Миядзаки префектурасының жағалауында 7,1 магнитудалы жер сілкінісі болғаннан кейін Жапония үкіметі Нанкай жарылымында да жер асты дүмпулері болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жариялаған болатын.
Жапония кейінгі уақыттарда 30 жыл ішінде Нанкай жарылымында 8-9 балдық жер сілкінісі болуы ықтималдығына алаңдаушылық білдіруде. Бұл күшті жер асты дүмпулері мен алып цунами тудыруы мүмкін. Айта кетерлігі, бұл аймақта әр 100-150 жылда күшті жер сілкіністері орын алады, ал соңғы зілзала шамамен 80 жыл бұрын болған.