Жапонияда азаматтарға вакцинация тегін жасалады
Жапония парламентінің жоғарғы палатасы қолданыстағы заңға енгізілген түзетулерді бірауыздан мақұлдады, оған сәйкес елдің бүкіл халқы COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны тегі алады.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Катсунобу Катоның мәлімдеуінше, үкіметке келесі жылдың ортасына дейін бүкіл халыққа жеткілікті вакцина дайындау міндеті жүктетілген. Сонымен қатар, вакцинаның барлық шығындары мен жанама әсерлері үшін өтемақы төлеуге де үкімет жауапты.
Жапония үкіметі вакцина үшін «AstraZeneca» (Ұлыбритания-Швеция) және АҚШ-тың «Pfizer», «Moderna» компанияларымен келісімшарт жасаған болса да, қазірде аспан асты елдің өзінде бірнеше түрлі вакциналар бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Дәл қазіргі кезде Жапонияның халқы 126,5 миллион азаматты құрайды. Бүгінге дейін олардың 151 мыңнан астамында коронавирус анықалған болып, 2,2 мыңнан көп жан қайтыс болған.