Жапонияда аптап ыстықтан 4 мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылды
Жапонияның аптап ыстық салдарынан бірнеше күн ішінде 3964 адам ауруханаға жатқызылды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Жапония әкімшілік істер және коммуникация министрі Такеаки Мацумото Токиодағы баспасөз мәслихатында мәлімдеген.
зардап шеккендердің жартысынан көбі қарт адамдар.
«Халықты аптап ыстық кезінде қолданылатын негізгі шараларды қолдануға, яғни қажетті мөлшердегі суды жүйелі түрде ішуге шақырамыз», - деген шенеунік.
Жапониядағы ең ыстық кезең – шілде мен тамыз айлары.
Соңғы күндері елдің көптеген аймақтарында ауа температурасы Цельсий бойынша 35 градустан жоғарылаған. Жыл сайын елде аптап ыстықтан мыңдаған адам ауруханаға түсіп, жүздеген өлім тіркеледі.