Жапония жеміс-көкөніс секторын дамыту үшін Өзбекстанға қосымша 200 млн доллар бөледі.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің хабарлауынша, 29 тамызда Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) аға вице-президенті Кейитиро Наказава бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесуде «Жеміс-көкөніс секторындажелісінде қосылған құн тізбегін құруды дамыту» бойынша несие желісінің екінші кезеңі аясында қосымша 200 миллион доллар бөлуге арналған валюталық ноталарға және несиелік келісімге қол қою рәсімі өтті. Келіссөздер барысында тараптар несие желісінің бірінші кезеңі аясында Өзбекстанда 300-ден астам жоба жүзеге асырылып, 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті.
Бұл жобада шаруа қожалықтары мен салалас ұйымдардың, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында жергілікті коммерциялық банктерге несие желісін бөлу қарастырылған. Бұл өз кезегінде Өзбекстанда бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.