Жапония Өзбекстанға 136,5 млн доллар көлемінде несие берді
Коронавирустың жағымсыз салдарын жою үшін Өзбекстан Жапониядан 136,5 млн доллар көлемінде төтенше несие алды. Ол 15 жыл мерзімге, 0,01 пайыздық мөлшерлемемен 4 жылдық жеңілдік кезеңімен берілген.
26 наурызда Жапонияның Өзбекстандағы елшісі Ёшинори Фудзияма мен Өзбекстанның қаржы министрінің орынбасары Адилбек Исаков 15 млрд иенаға (136,5 миллион доллар) тең келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Dunyo» ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік банкпен бірге қаржыландырылатын бұл несиенің мақсаты - жаңа коронавирустық инфекцияның бүкіл әлемге таралуы жағдайында Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен орнықты дамуына үлес қосу, делінген хабарламада.