Жапония Өзбекстанда табиғи апаттың алдын алу жобасын жүзеге асырады
Өзбекстанның Жапониядағы Елшісі Мухсин Абдурахманов Жапонияның «Nippon Investment Operating Corporation» (NIOC) басшысы Наби Мамаджан және оның серіктесі, «Muroosystems Corporation» бас атқарушы директоры Пан Джонгсин және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізді.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесуде тараптар жапондық компаниялар Өзбекстанда табиғи апаттардың алдын алу жобасын жүзеге асыру туралы келісімге келді.
«Жапон тарапы жақын арада Өзбекстанға баруға, онда Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да ресми ұйымдармен бастапқы пилоттық жоба бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді», делінген хабарламада.