Жапония Өзбекстанда литий батареяларының өндірісін жолға қоюы мүмкін. Қазіргі уақытта осы мәселені жапондық тарап пысықтап жатыр.
Өзбекстанның Жапониядағы Елшісі Мухсин Абдурахманов Жапония-Өзбекстан Экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Itochu корпорациясының кеңесшісі Цуёши Нишитанимен кездесті.
Кездесуде Нишитани, 2019 жылы Өзбекстан Президентінің Жапонияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын атйтқан.
Itochu корпорациясының кеңесшісі жапон бизнес өкілдері Өзбекстанда ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, химия өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтып, Өзбекстанда литий батареяларының өндірісін жолға қою мәселесін жапондық тарап пысықтап жатқанын хабарлады, делінген ақпаратта.