Жапония Украинаға 3,3 миллиард доллар несие берді
Жапония Украинаға Ресейдің Украинаға қарулы шабуылынан кейін бұғатталған ресейлік активтерден алынған пайыздар негізінде 3,3 миллиард доллар несие береді.
Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл қаражат «Үлкен жетілік» елдері Киевке көмек көрсету үшін келісілген 50 миллиард долларлық пакеттің бір бөлігі.
Келісімге сәйкес, АҚШ пен Еуроодақ Украинаға 20 миллиард доллардан Жапония, Ұлыбритания мен Канада 10 миллиард доллардан көмек көрсетеді.
Бұл пакет шілдеде Бразилияда өтетін G20 қаржы министрлерінің конференциясы қарсаңында ресми түрде бекітіледі деп күтілуде.