French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония тағыда төтенше жағдай режиміне қайтады
12:15 / 2021-04-23

Жапония билігі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты Токио мен елдің үш префектурасы: Осака, Киото және Хиогода төтенше жағдай енгізуді жоспарлап отыр, деді экономикалық жаңғыру министрі Нишимура Ясутоси.

«Өткен жылдың көктеміндегідей, біз азаматтардан үйден қалуды және қажетсіз көшеге шықпауды сұраймыз», - деді Нишимура. Ол шектеулер коронавирустың жаңа мутациялардың таралуына байланысты екенін айтқан.

Жоспраға сай елдегі карантин 25 сәуірден 11 мамырға дейін созылады.

Үкімет сонымен қатар ірі дүкендер мен мейрамханалардың иелеріне өз қызметін тоқтатуға кеңес берді. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Автобус, пойыздар жұмыс күні ерте аяқталады, ал демалыс күндері рейстер санын азайту көзделген.

Жапонияның бірнеше аймағында 7 қаңтардан бастап төтенше жағдай енгізілген еді. Токиодағы карантин 22 наурызға дейін созылды. Алайда, ол шектеу тоқтаған бойда коронавируспен аурушаңдық қайта көбейе бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Жапонияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 553 мыңнан асып, ал құрбандарының саны 10 мыңға жақындады.