Жапония шетелдіктердің елге келуіне толығымен тыйым салды
Жапония үкіметі әлемде анықталған короновирустық мутацияға байланысты шетелдіктердің елге келуіне толығымен тыйым салды.
NHK-ның хабарынша, коронавирустың жаңа штамдарының табылуына байланысты Жапония үкіметі әлемнің барлық елдері мен аймақтарының азаматтарына жаңа виза беруді 2020 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін тоқтатты деп көрсетілген.
Қазіргі уақытта Жапонияда тұрақты тұратын және ұзақ мерзімді визалары бар азаматтар мен шетелдіктерге есік ашық. Дегенмен үкімет мүшелері екіжақты келісімдер жасалған 11 ел мен аймақтағы (Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Вьетнам, Сингапур, Малайзия және т.б.) бизнес үшін көші-қон жеңілдіктерінің әсерін тоқтату туралы шешім қабылдаған.