Жапония шетелдік жанкүйерлерсіз өтетін Олимпиада да 1,37 мрлд доллар жоғалтады
Жапония пандемия салдарынан Токио-2020 Олимпиадасы және Паралимпиада ойындарын шетелдік жанкүйерлерсіз өткізу туралы шешіміне байланысты 150 миллиард иеннен (1,37 млрд доллар) айырылады.
«Nomura» ғылыми-зерттеу институтының экономистері пандемия басталғанға дейін Жапонияның ішкі нарығы мен шетелдік туристердің тұтыну деңгейін талдау негізінде жасаған бұл статистика дерегіне сай Олимпиада шетелдік жанкүйерлерсіз өтетін болса мейманхана мен ресторан бизнесі ең көп зардап шегетіні атап өтілген.
Олимпиаданың бір жылға шегерілуіне және коронавирусқа қарсы шараларды қосымша қаржыландыруға байланысты Ойындардың бюджеті қазір 1,64 триллион иенге (15,9 миллиард доллар) өсті. Егер Олимпиаданы ұйымдастырушылар жарыстар кезінде жапондық жанкүйерлердің спорт алаңдарындағы санын шектеу туралы шешім қабылдаса, сарапшылар қосымша экономикалық залал келуін де жоққа шығармаған.