Жапония билігі Ресей Федерациясына аэроғарыш, құрылыс, металлургия өнеркәсібіне қатысты өнімдерді, сондай-ақ өлшеу құралдары мен байланыс құралдарына қатысты бірқатар тауарларды экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«Бұл шешім туралы аптаның жұма күні, 2023 жылдың 7 сәуірінде күшіне енеді», - делінген Жапонияның Экономика министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Құжатқа сәйкес, Ресейге болат пен алюминий, бу қазандықтары мен оларға арналған бөлшектер, құрылыс техникасы, бульдозер мен экскаватор, соғу техникасы, көлік құралдары және оларға арналған қосалқы бөлшектерді жеткізуге тыйым салынады.
Ресми Токио сондай-ақ Ресей Федерациясына ұшақ пен кеме қозғалтқыштарын, электрлі және навигациялық жабдықтарды, электр генераторларын экспорттауға тыйым салады; дрон, ұшақ пен ғарыш аппараттары және олардың бөліктері, ойыншықтар мен модельдеу жинақтары бар
Сонымен қатар, экспортқа тыйым салынған тауарлар тізбесіне оптикалық жабдық, фототехника, бақылау-өлшеу құралдар мен аспаптар, дәлме-дәл жабдықтар орын алған.