Жапония премьер-министрі НАТО мен ЕО саммиттеріне қатысады
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида сейсенбі күні Токиода билеуші Либералдық-демократиялық партияның басшылығымен кездесуінде 11-14 шілде аралығында Литва мен Бельгияда НАТО саммитіне қатысу және Еуроодақ басшыларымен кездесетінін мәлімдеді.
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Жапон үкімет басшысы 16-19 шілде аралығында Таяу Шығысқа сапарын жариялады. Аймақтағы Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қатар елдеріне барады деп күтілуде.
Еске салар болсақ, НАТО саммиті 11-12 шілде күндері Вильнюсте өтеді. 2022 жылы Кисида альянс саммитіне қатысқан алғашқы жапондық үкімет басшысы болды.