English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида отставкаға кетеді
10:06 / 2024-08-14

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида отставкаға кететінін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, саясаткер қыркүйекте өтетін Либералдық-демократиялық партия басшылығы сайлауына қатыспайды.

Бұл елде жаңа үкімет басшысы сайланады деген сөз. Кишида бұл қызметті үш жыл бойы атқарды.

Жапония премьер-министрінің мәлімдемесі жемқорлық жанжалының аясында болған. Оған саяси қайырымдылықтарды жымқырған депутаттар жапондық парламент мүшелері қатысты. Осы жағдайға байланысты қаңтарда 4 министр мен 6 орынбасар қызметінен айырылған еді.

Бұл жағдай ел азаматтарының билікке деген сенім деңгейіне де әсер етіп, қазір Кисиданың рейтингі небәрі 30 пайызды құрайды. Жыл басында Жапония рецессияға ұшырап, әлемдегі үшінші ірі экономика мәртебесінен айырылды. Бұған ұлттық валютаның әлсіреуі, халық санының және еңбек өнімділігінің төмендеуі әсер еткен. Одан қалса еелдегі табиғи апаттар да қиындатып отыр.