Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония орбитаға әскери байланыс спутнигін шығарды
10:48 / 2024-11-05

Жапония аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) DSN 3 әскери байланыс жасанды жер серігін орбитаға сәтті шығарғанын хабарлады.

Жасанды серік Кагосима префектурасындағы Танэгасима ғарыш айлағынан H3-22S зымыраны арқылы ұшырылды. Бұған дейінгі бірнеше ұшыру ауа райының қолайсыздығынан кейінге қалдырылған болатын.

DSN 3 — Жапония Қорғаныс министрлігіне тиесілі жасанды жер серігі, ол әскери және барлау операцияларында X-диапазонды байланыс жүйесін қолданады. Атап айтқанда, ол Солтүстік Кореяның зымырандық белсенділігі туралы ақпарат жинаумен айналысады. 

H3-22S — Жапониядағы ең ірі зымыран-тасығыш. Ол орбитаға төрт тоннадан алты жарым тоннаға дейінгі жүкті тасымалдауға қабілетті. Ракетаны жасау жұмыстары 2013 жылы басталған, оған Mitsubishi Heavy Industries компаниясы 1,32 миллиард доллар қаржы салды.

Қыркүйек айының соңында Жапония орта класты H-IIA зымыран тасығышымен IGS Radar 8 барлау серігін орбитаға шығарды. Бұл ғарыш аппараты Жапонияның барлау ақпаратына тікелей қол жеткізу мақсатындағы Information Gathering Satellite (IGS) мемлекеттік бағдарламасы аясында ұшырылды.