Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония мен Германия Тынық мұхитында бірлескен оқу-жаттығуларын бастады
15:10 / 2021-11-04

Жапония мен Германия теңізшілері бейсенбі күні Тынық мұхитында бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын бастады.

Жапон Әскери-теңіз күштерінің өзін-өзі қорғау қолбасшылығының хабарлауынша, жұма күні Жапонияға келеді деп күтілген немістің «Бавария» фрегатын қорғаныс министрі Нобуо Киси тексереді.

«Бавария» фрегаты соңғы 20 жылда Жапонияға барған алғашқы неміс әскери кемесі атанды.

Күншығыс елі қолбасшылығының мәліметіне қарағанда, оқу-жаттығулардан негізгі мақсат – қорғаныс күштерінің тактикалық дамуын жаңа деңгейге көтеру және неміс флотымен ынтымақтастықты нығайту.

Екі күндік әскери жаттығуларға Жапониядан “Самидаре” эсминеці қатысады.