Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония үкіметі Өзбекстанға заманауи медициналық құрал-жабдықтар сыйлады
16:27 / 2022-08-03

Жапония Парламенті Өкілдер палатасының мүшесі Кейдзи Фуруя бастаған делегация Өзбекстанға ресми сапармен келді.

Сапар аясында Республикалық эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразиттік аурулар орталығында Жапония үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігіне заманауи компьютерлік томографиялық аппаратура мен арнайы жабдықталған медициналық контейнерді тапсыруға арналған салтанатты шара өтті.

Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев, Жапония Парламенті Өкілдер палатасының мүшесі Кейдзи Фуруя, Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ёшинори Фудзияма қатысқан іс-шарада, COVID-19 пандемиясының алғашқы күндерінен бастап Жапония үкіметі Өзбекстанға алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек көрсеткені атап өтілді. 

Атап айтқанда, 2020 жылдың наурыз айында Жапония Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 500 миллион иен бөлді.

Осы қаражат есебінен алдымен Жапонияда өндірілген вирусқа қарсы тиімді препараттар әкелінсе, одан кейін Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) арқылы еліміздің медициналық мекемелеріне жоғары технологиялық рентген аппараттары әкелінді.

Бұл жолы осы гранттық жоба есебінен елдегі үш медициналық мекемеге Aquilion Prime SP 160 КТ компьютерлік томографиялық аппараты мен арнайы жабдықталған SANSEI емдік-диагностикалық контейнері тапсырылды.

Жоспар бойынша заманауи компьютерлік томографиялық құрылғылар Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы, Республикалық эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразиттік аурулар ғылыми-тәжірибелік медицина орталығына және Бұхара мемлекеттік медицина институтының клиникасына берілді.

Медициналық диагностикалық контейнер республиканың шалғай елді мекендерінде тұратын тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына тапсырылды.

Бұл компьютерлік томографияның ерекше артықшылықтары оның көмегімен пациенттерді кез-келген тексеруден өткізуге болады. Сонымен қатар, бұл жабдықтың басқару опциясы ең аз радиациялық әсермен жоғары сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, SANSEI емдік-диагностикалық контейнері офлайн режимінде жұмыс істейтін дербес мобильді диагностикалық кешен болып, компьютерлік томографиясы, ультрадыбыстық диагностика және рентгендік құрылғылармен жабдықталған.