Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония үкіметі Токио Олимпиадасын шетелдік көрерменсіз өткізуге дайындалуда
12:44 / 2021-03-04

Жапониядағы XXXII жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары шетелдік көрермендерсіз өтуі мүмкін.

The Mainichi басылыынң хабарлауынша, Жапония үкіметі өкілдерінің Халықаралық олимпиада және паралимпиада комитеттерінің өкілдерімен онлайн-кездесуінде осы мәселе қаралып, ол бойынша соңғы шешім наурыз айының соңына дейін нақтыланбақ. 

Қазіргі уақытта шенеуніктер ойындарды жергілікті көрермендермен өткізу мүмкіндігін және трибунаға қанша көрермен орналастыруға болатындығын зерттеп жатыр.

Ұйымдастырушылар қазірге дейін Олимпиада ойындарына 4,48 млн билет және Паралимпиада ойындарына 970 мың билет сатқан. Бірақ әлемде вакцинация деңгейінің әр түрлі болуы және коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы қиындық тудыруда, делінген хабарда.

Еске салар болсақ, Токио-2020 Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына, ал Паралимпиада жарысы 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейінгі аралықта өткізу жоспарланған.