Жапония клубтар арасындағы ӘЧ ойындарын өткізуден бас тартты
Жапония желтоқсан айында өтуі жоспарланған клубтар арасындағы әлем чемпионаты ойындарын өткізуден бас тартты.
Күншығыс елінің футбол федерациясы 9-19 желтоқсанға жоспарланған турнирді пандемияға байланысты өткізе алмайтынын ФИФА-ға мәлімдеген.
Соңғы деректерге қарағанда, Сауд Арабиясы ФИФА-ға осы клубтар арасындағы ӘЧ ойындарын өткізуге ниетті екенін жариялап, өтініш тапсырған.
Турнир әдетте желтоқсанда өтеді, бірақ 2020 жылы Катарда өтетін жарыс COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 жылдың ақпанына ауыстырылып, онда «Бавария» клубы жеңімпаз атанған еді.