Жапония елде энергия үнемдеу режимін енгізбек
Жапония үкіметі қысқы мезгілде электр қуатының тапшылығынан қауіптеніп, биылғы жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың наурыз айының соңына дейін электр энергиясын үнемдеу режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің басшысы Ясутоси Нисимураның айтуынша, үкімет компаниялар мен халықтан электр энергиясын үнемдеуді, атап айтқанда, кондиционерлердің белгіленген температурасын төмендету, бөлмелердегі жарықты өшіру арқылы үнемдеуді сұрамақ ниетте.
«Іс-шаралар аясында біз жұмысы тоқтап қалған электр станцияларын қайта іске қосуды, сондай-ақ отынның қосымша көлемін сатып алуды шештік», - деген Нишимура.