Қарақалпақстанда ауыл шаруашылығын дамыту, аймақтағы проблемаларды жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құны 2 миллион доллар болатын бағдарлама жүзеге асырылады.
Бұл туралы ӨР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Алишер Шукуров, Жапонияның Өзбекстандағы елшісі Такаши Хатори және БҰҰ Даму бағдарламасының Өзбекстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Анас Файяд Карман кездесуде айтылды.
Сұхбат барысында Жапония үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бұл жобада Аралдағы климаттың өзгеруінен туындаған өзекті мәселелерді шешу, Қарақалпақстан халқының бейімделуін және төзімділігін арттыруға көмектесуде ынтымақтастықты нығайту жолдары қарастырылған.
Кездесуде бұл бастама Жапония үкіметінің қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асатыны айтылды. Қарақалпақстанда ауыл шаруашылығын дамыту, орын алған проблемаларды жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол арқылы экономиканы дамыту мақсатында құны 2 миллион доллар болатын бағдарлама жүзеге асырылады.