Жапондық мамандар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін вирусқа қарсы пластикалық картаны ойлап тапты.
Антивирустық картаны жапондық «Toppan Printing» компаниясы жасаған болып, карталарда қолданылатын антивирустық құрал 24 сағат ішінде олардың бетіндегі вирус бөлшектерін 99 пайыздан астамға азайтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Вирусқа қарсы құрал карта дайындалған материал ішіне енгізілгендіктен, картаның сыртына қандайда бір зақым келсе де вирусқа қарсы қасиеттерін сақтайды. Бұл түрдегі карталарды электрондық төлем жүйелерінде, медициналық мекемелерде және басқа салаларда қолдану жоспарланып, компания оны патенттеуге өтініш берген.
Компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі Атсуши Кусано: әзірше ешқандай мекемелермен нақты алдын-ала келісімдері жоқ, бірақ компания толық көлемде өндірісті бастай отырып, болашақта өнім ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтқан.