English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапондық туристер Байқоңырдан ғарышқа ұшады
21:31 / 2021-10-16

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан пилоттық жүк кемесін ұшыру жоспарланып отыр.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) «Союз МС-20» кемесімен ғарышқа ұшудың қатысушылары – жапондық кәсіпкер Юсаку Маэзава және оның көмекшісі Йозо Хирано аттануы тиіс. 

ХҒС-қа 20-шы экспедициясына– ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин командирлік етеді. Ал, Жапония өкілдері ғарышқа туристер ретінде ұшады. Олардың Жұлдызды қалашықта Ғарышкерлерді даярлау орталығындағы жаттығулары маусымда басталған, қазан айының ортасына қарай ұшуға қатысушы жапондықтар дағдыларын таныта білді. Бұған ЭП-20 экипажының жаттығу процесін тамашалаған ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдері көз жеткізді.

«Маған ең қатты әсер еткені – салмақсыздықтағы жаттығулар, бұл ештеңемен салыстыруға келмейтін сезім», - деді Юсаку Маэзава тілшілерге берген сұхбатында. Ресей қаһарманы, ғарышкер Александр Мисуркин экипаждағы жолдастарының қабілеті мен адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалады.

Байқоңыр ғарышайлағынан ЭП-20 экипажы бар «Союз МС-20» пилоттық жүк кемесін ұшыру 2021 жылдың 8 желтоқсан күніне белгіленген. Ұшу ұзақтығы 12 тәулікті құрайды. Осы арада, 17 қазанда ғарышқа ұшудың басқа қатысушылары – актриса Юлия Перисильд пен ресжиссер Клим Шипенкод және ғарыш кемесінің командирі, ғарышкер Олег Новицкийден құралған алғашқы киноэкипаждың ғарыштан Жерге оралуы күтіліп отыр.