2022 жылдың 13-18 қыркүйегі аралығында «Жібек жолы жауһары» атты XIV Ташкент халықаралық кинофестиваль өтеді.
Әлемге әйгiлi жапондық режиссер, танатты актер, дарынды сценарист Такэси Китано XIV Ташкент халықаралық кинофестивальіне құрметті қонақ ретінде шақыртылған.
Кинофестиваль аясында Китано шығармашылық кездесулерге қатысып, көрермендерге өзінің ең танымал картиналарының бірі - «Сонатина» фильмін ұсынбақ. Бұл туынды режиссердің ең жақсы жұмыстарының бірі және көптеген фестивальде жүлделі орын алған. Фильмнің көрсетілім алдағы Дүниежүзілік кино күндері аясында 17 қыркүйекте өтеді. Көрсетілімнен кейін фильм режиссерімен кездесу ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек кинофестиваль аясында голливуд актеры, режиссер және продюсер Джонни Депп пен танымал американдық режиссер Эндрю Левитастың қатысуында онлайин кездесу өтеді. Жұлдызды тандем алдағы кинофестиваль қонақтары мен қатысушыларына «Минамата» атты бірлескен жобасын ұсынбақ.

Сонымен қатар белгілі түрік актері Бурак Озчивит кинофестивальдің жұлдызды қонақтарының бірі ретінде қатысады.
Алдағы өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында оған мүше елдер кинематографтары таспалаған (Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) үздік фильмдерінің көрсетілімі фестиваль бағдарламасынан орын алған.
XIV Ташкент халықаралық кинофестивальіне әлемнің 38 елінен 150-ден астам фильм жіберілген болып, фестиваль бағдарламасына 100-ден астам әлемдік фильмдер енгізілген. Олар Дүниежүзілік кино күндері аясында көрсетіледі.