Жапондық атақты сәулетші Тадао Андо Өзбекстанда жаңа мұражай салады
Өзбекстанның Мемлекеттік өнер музейінің жаңа ғимаратының инженерлік-жоспарлау қорытындысы бойынша презентация өтті.
Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдениет және өнерді дамыту қорының хабарлауынша, мұражай ғимаратының сәулеттік концепциясын белгілі жапон сәулетшісі «Pritsker» сыйлығының иегері Тадао Андо жасауда.

Мұражай Ташкент қаласындағы «Халықтар достығы» сарайы мен Әлішер Науаи мүсінінің арасындағы алаңда бой көтереді. Бас дизайнер ретінде немістің Atelier Brückner GmbH сәулет фирмасы таңдалған.
Өзбекстанның Мемлекеттік өнер мұражайының жобалық концепциясына үлкен көрме алаңы, мұражай қоймасы, дәрісхана, кітапхана, дәмхана бар.
Жобаның толық презентациясы сәуір айында өтеді ж»не оны 2022-2023 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.