Өнер мен дәстүр тоғысқан ғажайып көрме!
Икуо Хираяма Халықаралық мәдениет керуен сарайында Жапонияның Өзбекстандағы Елшілігі және Көркемөнер академиясының ұйымдастыруымен "Жапон қуыршақтарының өнері мен сұлулығы" атты ерекше көрме өз есігін айқара ашты.
Бұл жай ғана қуыршақтар емес – әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан жапон мәдениетінің бөлшегі. Кәдімгі ойыншықтардан өзгеше, "нингё" деп аталатын бұл қуыршақтар аса үлкен болғандықтан, балалар емес, ересектерге арналған. Олардың әрбірінде эстетика, философия, дін және тіпті сопылық дүниетанымның элементтері бар.

"Нингё" – "адам бейнесі" деген мағынаны білдіреді. Жапон дәстүрінде бұл қуыршақтар тек әсемдік үшін жасалмаған, олар үй мен отбасын зұлым рухтардан, кеселдерден қорғаушы ретінде саналған. Осындай терең мағынасы бар қуыршақтарды тамашалаған көрермендер жапон халқының рухани байлығына, нәзік өнеріне тағы бір мәрте сүйсіне түсуде.

Көрмеге қойылған әр қуыршақтың өзіндік тарихы бар. Олардың әсемдігі мен шебер қолөнердің нәзік жұмысы көрерменді еріксіз таңдай қаққызып, жапон мәдениетінің жұмбақ әлеміне жетелейді.

Көрме биылғы жылдың 5 наурызына дейін жалғасады.