Жапон үкіметі толық құрамда отставкаға кетті
Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга үкіметі 4 қазанда толық құрамда отставкаға кетті. Бұл жағдай ел парламенті жаңа премьер-министрді сайлағанға дейін жалғаспақ.
Kyodo агенттігнің хабарлауынша, бүгін Жапония парламенті үкіметті қайта құратын жаңа премьер-министрді сайлайды. Премьер-министр қызметіне жетекші партияның лидері Фумио Киси келеді деп күтілуде. Егер ол премьер-министр лауазымына сайланса Жапонияның 100 -ші премьер -министрі болады.
Бұған дейін Жапонияда Суга өкілеттігі мерзімінің аяқталуына байланысты Либерал -демократиялық партия лидерінің сайлауы өткен болатын. Суга премьер-министр лауазымына Синдзо Абэнің денсаулығына байланысты кенеттен отставкаға кететінін мәлімдегеннен кейін келген еді. алдағы сайлауларға Суга өзі партия жетекшісінің сайлауына қатысудан бас тартқан.