Жануарларға арналған COVID-19 вакцинасы Өзбекстанда сынақтан өтеді
Ресейде тіркеуден өткен COVID-19 індетіне қарсы жануарларға арналған «Карнивак-Ков» вакцинасы Өзбекстанда сынақтан өтеді.
Қазіргі уақытта ғалымдар жануардың коронавирусқа қарсы иммунитеті осы препаратпен вакцинацияланғаннан кейін қанша уақытқа дейін сақталуын зерттеуде. Мәліметтерге сәйкес, оның ең аз мерзімі - алты ай. Жаппай өндіріс сәуір айының соңында басталады деп күтілуде.
Мемлекеттік ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитетінің мамандары және Комитет жанындағы Мемлекеттік мал аурулары диагностикасы және тамақ қауіпсіздігі ғылыми орталығының ғалымдары ресейлік әріптестерімен вакцинаны Өзбекстанда сынақтан өткізу туралы келіссөздер жүргізуде.
Вакцинацияның бірінші кезеңі тиімді өтсе, екінші кезеңі Өзбекстанда жүзеге асырылады, делінген хабарда.