Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты
13:16 / 2021-08-27

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілерге тезірек сауығып кетулерін тілейміз», - деген ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Осы баспасөз мәслихаты барысында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыс салдарын толығымен жойғаннан кейін отставкаға өтініш беретіндігін ашық айтқан.

Еске сала кетсек, 26 тамыз жергілікті уақыт бойынша шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірі өртеніп, артынан жойықын жарылыс болды. 

Қазіргі уақытта 10-нан астам жарылыстың болғаны белгілі. Атап салдарынан 4 әскери қызметші қаза тапқан.